12 мемлекетте қазақ тілін үйрететін онлайн-сыныптар ашылды

regnum.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2020 18:13 regnum.ru
Бүгінде мұндай орталықтар Қытайда, Ресейде, Монғолияда, Өзбекстанда, Германияда және Түркияда ашылған.

Шетеллдегі қазақтар үшін ана тілінде сабақ оқытатын онлайн сыныптар 12 мемлекетте ашылды, деп мәлімдеді ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева, деп хабарлайды zakon.kz.

"Отандастар" қорымен бірлесіп, бірлескен жобалар қолға алынды. 2018-2022 жылдарға арналған бір жобаны Үкімет мақұлдап та үлгерді. Сонымен қатар, көптеген елдерде "Отандастар"қорымен бірге мәдени және бизнес үйлер ашылды", - деді Балаева ОКҚ-дағы брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде мұндай орталықтар Қытайда, Ресейде, Монғолияда, Өзбекстанда, Германияда және Түркияда ашылған.

- Қазіргі уақытта қазақ тілін оқыту мәселелері бойынша 12 мемлекеттің 23 қаласында қазақ тілін оқытатын 31 онлайн-сыныптар ашылды. Биыл оларда 2,5 мың бала оқитын болады, - деді министр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: