Жаңалықтар тізбегі
0

Қыздар университетінде латын графикасын үйрететін курс ашылды

www.zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2018 20:21 www.zakon.kz
Курстың мақсаты – қатысушыларға латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін үйретудің оңтайлы технологияларын меңгерту, әліпбиді оқып, үйретуге қатысты теориялық және практикалық білімдерін жетілдіру.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Қазақ алфавитін латын графикасына көшіру жөніндегі орталығында жаңа әліпбиді үйрететін арнайы курс ашылды, деп хабарлайды zakon.kz оқу орнының Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Жандар Асан берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Оқу орнының Біліктілікті жетілдіру орталығының мұрындық болуымен ұйымдастырылып отырған курстың мақсаты – Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында курс қатысушыларына латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін үйретудің оңтайлы технологияларын меңгерту, әліпбиді оқып, үйретуге қатысты теориялық және практикалық білімдерін жетілдіру.

«Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін үйретудің инновациялық әдістері» атты курс тыңдаушылары «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі қағидалары», «Жаңартылған білім беру бағдарламасының түйінді ерекшеліктері», «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттары», «Жаңа қазақ әліпбиінің соңғы нұсқасы: артықшылықтары мен кемшіліктері, ұсыныстар», «Білім беру ұйымдарында латын әліпбиін үйретуді ұйымдастыру кезеңдері, ерекшеліктері», «Жаңа қазақ әліпбиін үйретудің нәтижеге бағытталған оқу әдістері», «Жаңа әліпбиді квест ойындар арқылы игерту», «Жазу дағдысын қалыптастырудың оңтайлы тәсілдері» және «Learning apps, apps Geyser платформаларында және электронды оқулық көмегімен жаңа әліпбиді үйретудің тәсілдері» атты модульдерді меңгереді.

– Латын графикасын қабылдап болғаннан кейін оны оқыту мәселесі бірінші кезекке қойылды. Қыздар Университетінің педагогикалық жоғарғы оқу орны екендігін ескере отырып, өз тарапымыздан биылғы оқу жылынан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және балабақша мен орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындау көзделіп отыр. Еліміз бойынша латын әліпбиіне өту Білім және ғылым министрлігінің білім берудің барлық деңгейінде 2025 жылға дейін қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру кестесін бекіту туралы бұйрығы бойынша мектептің бірінші сыныбы жаңа әліпби бойынша 2020 жылдан бастап оқытылмақ. Осыған орай ашылған курсқа Алматы қаласы мен Алматы облысының мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері, мектепалды даярлық топтарының тәрбиеші-мұғалімдері қатысуда, – дейді Стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Алмагүл Құлтуманова.

Оның айтуынша, бірнеше күнге созылған курс барысында қатысушылар латын графикасына негізделген қазақ әліпбиімен оқып, оның негізгі өзекті мәселелерімен танысты.

Курс университет ғалымдары құрастырған «Латын графикасына өтуге байланысты интерактивті үйретуші бағдарламалар жасаудың лингвистикалық негіздері мен мультимедиялық технологиялары» атты арнайы бағдарлама бойынша жүргізілді. Аталған жобаның бағдарламасында Android, iOS, Windows платформасындағы лингвистикалық сөздік, латын әрпіне автоматты түрде аударма жасайтын арнайы сайт пен дыбыс және бейне материалдарымен сүйемелденген сандық электронды оқулақтар бар. Сонымен қатар, латын графикасын үйрету үшін балаларға арналған ойын бағдарламалары мен мобильді қосымшалар енгізілген.

Алғаш рет ұйымдастырылып отырған курсты филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Г. Салғараева, филология ғылымдарының кандидаты С. Оданова, филология ғылымдарының кандидаты Ғ. Шойбекова, PhD Н. Жаңабаева және ғылым магистрі Ж. Базаева өткізді.

– Жаңа заманның жастары өзгермелі уақытта өмір сүруге қабілетті болып қана қоймай, оқиғалар мен үдерістердің ортасында, көш басында болуы тиіс. Бұл терең түйсіне білгенге бәсекелестікке апарар жолдың басы, ұлттық кодымызды көздің қарашығындай сақтаудың негізі. Қазіргі мемлекетімізге ұлтты ұйыстыра алатын, тың бағыттағы рухани ағым керек. Латын әріпін енгізудің басты өзегі де осында жатыр. Сондықтан да жаңа әліпби еліміз үшін қажетті, уақыт талабынан туындап отырған жаңа атрибут, аса маңызды фактор деп санаймыз. Бұл тұрғыда осы тақілеттес курстар жаңа әліпбиді үйретуде үлкен септігін тигізбек, – деп атап өтті Қыздар Университетінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: