Аягөздегі балалар орталығында балалар мен қызметкерлер жаппай КВИ жұқтырды
Аягөзде арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің балалар орталығында шамамен 40-қа жуық бала мен 22 қызметкер коронавирус жұқтырды. Бұл туралы орталық директоры Шолпан Мұқашева жазды, деп хабарлайды zakon.kz.
Ол директор қызметіне жақында ғана – 2020 жылдың 2 шілдесінде кіріскен.
Шолпан Мұқашеваның сөзінше, 28 маусымда мекеменің екі тәрбиеленушісі коронавирус жұқтырғаны анықталған. Балалардың бірі каникулде үйіне барып қайтқан, екіншісі Өскемендегі психикалық орталықтан келген. Олар аудандық ауруханаға жіберіліп, емделіп шыққан. Қазір орталықтың оқшауланған жеке бөлмесінде жүр.
2 шілдеден бастап орталықта карантин күшейтілген, барлық балалар мен қызметкерлер ПЦР әдісімен тексеруден өткен. Тексеру нәтижесінде 35 тәрбиеленуші мен 22 қызметкерден коронавирус табылды. Тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау комитеті қызметкерлерімен бірлесіп, эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде, - деп жазды Шолпан Мұқашева instagram-да.