Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңа туған сәбилер дәлізде, жерде жатыр. Елордалық перзентхана басшылығына сөгіс жарияланды

Instagram, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2020 21:23 Instagram
№1 көпсалалы қалалық аурухананың акушерлік бөлімінде төсек-орын қоры жеткілікті мөлшерде - Денсаулық сақтау басқармасы.

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі аурухана орын жоқ болуына байланысты дәлізде жатқан жаңа босанған әйелдер туралы суретке түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Инстаграмдағы eto_astana_detka тобының оқырманы елорданың сол жағалауындағы №1 перзентханада не болып жатқанын жазды.

Оның айтуынша, орын болмауына байланысты жаңа туған сәби мен аналар еденде ұйықтауға мәжбүр.

Бұл жазбаға пікір қалдырушылар мұндай жағдайдың әрдайым болатынын және өкінішке орай, бұл коронавирусқа байланысты емес екенін атап өтті.

Оқырмандардың айтуынша, 2013 және 2019 жылдары да осылай болған.

Басқармадағылар бұған дереу жауап беруге тырысты.

- №1 көпсалалы қалалық аурухананың акушерлік бөлімінде төсек-орын қоры жеткілікті мөлшерде. Босанған әйелдерге орын жеткілікті. Аталған факті бойынша босандыру бойынша орынбасарға сөгіс жарияланды, - деп нақтылады басқармадағылар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: