Тоқаев Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді
Ақорда
Мемлекет басшысына Ұлттық банк төрағасы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары, ақша-несие саясаты, сондай-ақ, жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жайында есеп берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.
"Мемлекет басшысына Ұлттық банк төрағасы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары, ақша-несие саясатының тиімділігін арттыру бағытында берілген тапсырмалардың орындалу барысы, сондай-ақ, жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жайында есеп берді", делінген Ақорда хабарламасында.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript