Бельяниновтың мәлімдемесінен соң Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк шала бүлінді
Еуразиялық Даму банкі төрағасы Андрей Бельянинов "Российкой газетаға" сұқбат беріп, "ортақ валютаны шығаратын уақыт келіп жетті, ол рубль болуы керек" деген мағынада әңгіме айтқан. Бұл қоғамның белгілі бір деңгейде түсінбеушілігін туғызып, алдымен Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, одан кейін Ұлттық банк ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ұлттық банкі еуразиялық интеграцияның негізгі бағыттары 2014 жылғы 29 мамырда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы Келісімде айқын көрсетілгенін еске салады.
- Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімнің 62-64, 70 және 103-баптарына сәйкес, ұлттық валюталардың өзара айырбасталуын қамтамасыз ету және ортақ қаржы нарығының жұмыс істеуіне жағдай жасау үшін өзара келісілген ақша-несие саясатын жүргізу қарастырылған. Ақша-несие саясаты мен валюталық реттеу мәселелері толығымен ЕАЭО елдерінің орталық банктерінің құзырында, делінеді Ұлттық банктің хабарламасында.
Осы жағынан алғанда, бұл арада қандай да бір ақша одағын құру және бірыңғай валютаны енгізу жайы қарастырылмайды. Сондай-ақ бірыңғай ақша-несие саясатын жүргізу үшін ұлттықтан жоғары функцияны тапсыратын Бірыңғай орталық банкті құру жайы да қарастырылмаған әрі алда қарастырылмайды да.
- Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімге сәйкес, Еуразиялық Даму банкі ЕАЭО-ның жұмысшы органы болып табылмайды және оның қызметі келісімде көрсетілмеген. Еуразиялық даму банкі ЕАЭО туралы Келісімнен тыс мемлекетаралық келісім негізінде құрылған. Қазіргі уақытта Еуразиялық даму банкке Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдері мүше болып кіреді, - деп түсіндірді қаржы реттеушісі.
Ұлттық банк Еуразиялық даму банктің қызметі өзіне мүше мемлекеттердегі инфрақұрылымды (көлік және электр) дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өнеркәсіптік өндіріс саласындағы жобаларды қаржыландыруға бағытталғанын айтты. Еуразиялық даму банктің инвестициялық портфелінің көлемі 3,545 млрд долларды құрайды, оның 39,7% -ы Қазақстан Республикасына тиесілі.
"Еуразиялық даму банк басшысының айтқандары шындыққа еш жанаспайды және Еуразиялық экономикалық одақ аясында қабылданған келісімдерге қайшы келеді", - дейді Ұлттық банктегілер.
Ал Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Еуразиялық даму банкі бұл инвестициялық жобаларды қаржыландыратын инвестициялық банк қана екенін, сондықтан ол бұл мәселені шеше алмайтынын баса айтқан.
"Андрея Юрьевич, ол арада маман ретінде жеке көзқарасын білдірген секілді, әркім БАҚ-қа өз ұстанымын білдіре алады, бірақ ол мемлекеттер арасындағы істі танытпайды", деп атап өтті министр.
Ал мынау Андрей Бельяниновтың сұқбатынан үзінді:
- Біздің банктің құрылғанына жақында 14 жыл болады, ол Қазақстан мен Ресей президенттерінің бастамасымен дер кезінде құрылған. Менің ойымша, біздің банк ЕАЭО-ның болашақ орталық банкінің прототипі, тек ақша шығару құқығы болмай тұр бізде. Қаржы нарығында, жалпы экономикалық кеңістікте, байқасаңыз, қазір бір бірыңғай құрылымның қажет екенін сезесіз.
Сондықтан бірыңғай ақшаны құүратын уапқыт жетті деп ойлаймын. Ол алтын емес, бес мемлекетте үлкен сұранысқа ие рубль бола алады деп ойлаймын...