Гүлдалада 29 жастағы жігіт өгей әкесін өлтірмек болды

22 Шілде 2020, 15:56
Сурет: Русская весна

Белгілі болғандай, өгей әке мен өгей бала арасындағы түсініспеушілік бұған дейін де болған, ал бірге ішкен ішімдіктің соңы қайғылы оқиғаға әкеп соққан, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысы Талғар ауданының полицейлері адам өлтіруге оқталу дерегін "ізін суытпай" ашты. Іске қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы жас жігіт ұсталды. Ол масаң күйде өгей әкесіне пышақ ала жүгірген.

"Өгей әке мен өгей ұлы арасындағы ішімдік ішу пышақпен дене жарақатын салу дерегімен аяқталды. Бұл қылмыстық әрекет Талғар ауданының Гүлдала ауылында 21 шілдеге қараған түні сағат 01.30-да орын алды. Полицияға жедел ақпаратты оқиға болған үйдегі айғай мен шуға алаңдаған көршілері хабарлаған", - деді Талғар аудандық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ерлан Қасым.

Тергеу барысында сол түні үйдің ауласында ер адамдар ішімдік ішкен, соның салдарынан олардың арасында түсінбестік пен жанжал орын алған. Сөзге келіспеген туыстар нәтижесінде М. есімді азамат қолына пышақ алып, алдымен қарсыласының мойын тұсына жарақат салған. Жарақат аз деп ойлап, ол содан кейін қаша жөнелген құрбанының арқасына тағы да бірнеше рет соққы жасап үлгерген.

"54 жастағы К. есімді азаматты дәрігерлер пышақ жарақатымен жақын маңдағы ауруханаға жатқызды. Ал, күдікті жедел бой тасалауға тырысқан. Алайда, оның жазадан жалтаруға тырысқан әрекеті сәтті болмады. Бір тәулік ішінде тәжірибелі із кесушілер күдіктіні тауып, ұстады. Қазір күдікті азамат қамаққа алынды", - деді полковник Қасым.

Аталған қылмыс ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмысқа оқталу ретінде сараланды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?