Алматыда жаңадан салынған алты үй қисайған

23 Шілде 2020, 14:20
Сурет: zakon.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Зерделi" ықшамауданындағы бірнеше үйдің қисайғаны анықталғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Онлайн баспасөз мәслихаты барысында әкімге "Зерделi" ықшамауданында қисайған үйдің жайы туралы сұрақ қойылды. Әкім ол үйдің жөнделгенін айтты.

- Көп жұмыс жасалды. Қисайған үй КазАҚҒЗИ-дің тексеруінің барлық сатыларынан өтіп, "қалыпты жағдайға оралды" деген қорытынды шығарылды. Үйдің ішінде есіктер сынған, қабырғалар жарылған - осының бәрі қалпына келтірілді. Жөндеу кіреберісте, қасбетте жүргізілді. Кейбір тұрғындар үйлеріне орала бастады. Олардың өз сұрақтары бар, енді біз әр пәтер иелерімен сөйлесіп, шешімін табамыз, - деді ол.

Әкім іс жүзінде 179-шы үй ғана емес, сонымен қатар оған көрші ораналасқан үйлерді де тұзеу жұмыстары жүргізілгенін айтты.

- Қателеспесем, мұндай алты үй бар. Бірінші үйді жөндеу аяқталды, енді екінші үй жөнделіп жатыр. Қалған үйлерге қатысты бюджеттен ақша қарастырылып, жұмыс жасалады. Бұл үйлер біздің бақылауымызда. Біз әр нысанды мұқият тексереміз, өйткені онда көптеген адам тұрады, - деді Сағынтаев.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?