Сенатор ұлттық қауіпсіздігімізге төніп тұрған жаңа қауіп туралы айтты

27 Шілде 2020, 10:44
Сурет: zakon.kz

ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Бас прокурорға сауал жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Депутат дәрі-дәрмектерді қолдан жасаумен айналысатын жалған кәсіпкерлердің ашкөздігі мен бассыздығына наразы.

"Таяуда ғана Алматыда контрафактілік дәрі-дәрмектер өндіретін жасырын цех, жасанды дәрі-дәрмектерді орауға арналған қағаздарды басып шығаратын баспахана, заңсыз өнімдерді сақтайтын қойма табылды. 100 тоннадан астам күмәнді дәрі-дәрмек заттары тәркіленді. Осындай ауқымда тіркелген қылмыстық факті және бұл жайттың өзі еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіру деп қарастырылуы керек", - дейді Мұхтар Құл-Мұхаммед өз үндеуінде.

Сенатор осыған байланысты Бас прокурорға еліміздегі барлық дәрі-дәрмек қоймалары мен сатылатын орындарды шұғыл тексеріп, жалған өнімдерді анықтауға шақырды.

Сонымен қатар, Мұхтар Құл-Мұхаммед халықаралық тәжірибені ескере отырып, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымы саласындағы қылмыстық заңнаманы қайта қарау қажеттігін мәлімдеді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?