Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмолалық көпбалалы аналар атаулы көмекті үкіметке қайтара алмайтындарын айтты

shopomania.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2019 15:37 shopomania.kz
Бұл арада әлеуметтік атаулы көмекті алу үшін қағаз толтырғанда өз басындағы мәліметті дұрыс көрсетпеген немесе табысын жасырғандар жайында сөз болып отыр.

Ақмола облысындағы бірнеше ауылда атаулы әлеуметтік көмек ретінде үкіметтен жәрдемақы алған көпбалалы аналардың ақшасын қайтарып алғалы жатыр. Қыруар қаржыны бір мезетте төлемесе, шенеуніктер көпбалалы отбасыларды, тіпті сотқа бермек. Ал үкіметтің жәрдемақысын алып, жаратып, енді оны қайтара алмай басы бәлеге қалған көпбалалы аналар өз шарасыздықтарын журналисттерге айтып, мұңын шақты, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Сөйтіп, әр балаға 21 мың теңгеден алып "жыртығымызды жамадық" деген әйелдердің басына қара бұлт үйріліп отыр. Кінә кімнен?

"Уәзира Баймұқанова төрт балаға айына 89 мың теңге жәрдемақы алып қаннен-қаперсіз жүргенде, әкімдіктен ескерту қағаз келеді. Сөйтсе, келіншектің табысы атаулы әлеуметтік көмектің талабына сай емес. Өйткені қаңтарда күйеуі жұмыстан шығып, 62 мың теңге өтемақы алады. Сол кіріс отбасындағы адам басына шаққандағы 20789 теңгеден асып кеткен. Енді төрт айда алған 357 мың 884 теңге жәрдемақыны үкіметке қайтаруы тиіс", - дейді телеарна тілшісі.

Уәзира Баймұқанова, Қоянды ауылының тұрғыны:

- АСП деген басымызға пәле болды, шынымды айтсам. Кезінде заңды шығарған – өздері, құжат жинаған – өздері. Енді құжат жинағандар "кінәлі емеспіз" дейді. Бермесе, соның артынан қумаушы едім. Олар сіздер «» дейді. Мен несін жасырамын?!

Аудан бойынша тағы 7 адам үкіметке берешек болып шыққан. Әйелдер сәуірден бастап жәрдемақы алған. Тек тамыздың басында "табысыңыз көрсеткіштен артық, ақшаны қайтарыңыз" деген бір бет қағаз келеді. Жәрдемақыны қажетіне жаратып жіберген келіншектер енді оны өтей алмасақ, "істі боламыз" деп жылап отыр.

Ботагөз Десупова, Қараөткел ауылының тұрғыны:

- Жаңа бізге балаларға пәле болады деп айтты. Ертең оқуға түссе, "шешесі сотталған" деп шығады дейді. Енді білмеймін не істейтінімді. Мына 600 мыңды қалай төлеймін, білмеймін.

Ал даудың басы сәуірде іске қосылған "жаңа базадан" дейді жауаптылар. Өйткені көпбалалы аналардың қаңтар, ақпан, наурыз айларындағы кірісі дұрыс есептелмеген.

Динара Омарова, Целиноград аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры:

- Сәуір айыннан бастап, "Ехалық" деген базаны енгізді.Одан кейін еңбек нарығы деген база бар. Сәуірде база дұрыс істемеген. ИП-сы барларды да көрмегенбіз. Бұл қателік кімнен кетті, ол жағын айта алмаймыз.

Осылайша бар қатені жаңа базасына жапқан жауаптылар көп балалы аналарға ақшаны қалайда қайтару керектігін айтады. Әйтпесе, істі сотқа жібермек. Алайда мамандардың айтуынша, кейбір әйелдер қайтадан атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжат тапсыра алады. Дегенмен олар жаңа тізімге ілігіп, жәрдемақы ала ала ма, оны комиссия шешеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: