"Есіңде ме?..". Елбасы Бердібек Сапарбаевты әкімдерге үлгі етті
Елбасы ел алдына шығуға қорқатын әкімдерге бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевты үлгі етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Қысқаша айтайыншы. Қарағандыға кеншілермен кездесуге бардым, қаладағы орталық алаң лық толы адам, есінде бар шығар біреулердің осы арада. Жердің астынан шықты, қап-қара болып отырды, маған ол жаққа барма,түтіп жейді деді. Жесе жесін дедім, оған қарамадым. Ондай басшының неге керегі бар, бетпе-бет келіп, бетпе-бет сөйлесе алмаса жұртымен. Қорқатын несі бар оның? Тікесінен халық алдына бар, сөйлес бәрімен, мән-жайды түсіндір. Оларға керегі де жауап қой. Ал неге біз жауап бермейміз? Оны да айтпаймыз. Бәрі деп айтпаймын, бізде халық ортасына барып, сұрақтарына жауап беріп, сұқбаттасатын әкім, министрлер бар. Тіпті, жекелей кездесіп, мәселелерін шешіп жатады.
Бердібек Машбекұлы, баршаның атынан Премьер-министрдің орынбасары болуыңмен құттықтаймын. Ол 4 облыста әкім болған, бәріңнің көзің көрді. Есіңде ме, екеуміз халық ортасына шығып, адамдармен сөйлестік қой. Сол кезде халық бізді түсінді. Солай емес пе? - деді Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев кеңейтілген отырыста.
Елбасы бәрін жабулы жылы қазан күйінде қалдыру істің ең жаманы екенін айтты.
- Біз кішігірім мәселелерді тез жоюмен белсене шұғылдануымыз керек. Біз бастықпыз, ұсақ-түйекпен неге айналысуымыз керек деп мұрын шүйіргенді қою керек. Өйткені адамдарды өз басындағы мәселелер қызықтырады. Кейбіреулер үшін бұл бүтін өмірі, ал біз үшін ол ұсақ-түйек болып көрінуі мүмкін. Сондықтан адамдарға жақынырақ болайық. Партияның қоғамдық қабылдау бөлімдері жұмыс істеуі керек, - деді Елбасы.
Айта кетсек, 20 тамызда Бердібек Сапарбаев ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Оқи отырыңыз: "Ешқайсың мыңқ демедің...". Nur Otan туының жұлынғаны Елбасының жанына батыпты