Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғанда бас дәрігерді жақтаған дәрігерлер жаппай жұмыстан кетпекші

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2020 22:10 видеодан кадр
Бұл істің нақты нүктесін енді облыс әкімі Амандық Баталов қоймақ.

Елде індет өршіп тұрғанда Талдықорғандағы көпсалалы аурухананың дәрігерлері жаппай жұмыстан кетпекші. Тіпті, арыздарын да жазып қойған. Ақ халаттылардың бұлай шешім қабылдауына "бас дәрігер қызметтен босатылады" деген сыбыс себеп болған екен. Ұжымдағылардың айтуынша, Сәуле Құсмолданованың орнына осы күнге дейін жаңа басшыны да таңдап қойған көрінеді, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Гүлдана Әлішерова, көз дәрігері:

"Әлеуметтік желілер бойынша, Шымкенттен жас дәрігер келеді деп жатыр. Бірақ, біз бұл больницаны қалаған адам бастығымыздың орнында қалуын сұраймыз және талап етеміз".

Өз еріктерімен жұмыстан кету туралы арыз жазып, жаппай наразылық білдіріп жатқандар бас дәрігердің жұмыстан кетуіне қарсы. 30 жылдық еңбек өтілі бар білікті маманың орнында қалуын талап етуде. Оның үстіне Сәуле Құсмолданова аурухана ашылғалы 4 жыл бойы тынбай еңбектеніп, барлық жұмысты жүйеледі, - деп отыр. Сондықтан, дәл осындай қиын сәтте бас дәрігерді ауыстыруға не себеп болғанын да түсінбей дал.

Дәрібек Боранбекұлы, хирург:

"Тоқетерін айтпады. Енді, себебі дейді смертность, - дейді. Ал, енді, короновирус жер жүзін жайлап жатыр. Не управляемая инфекция почти, практический қиын. Оның тоқ етерін шешу керек. Сосын коллектив бізде 800-ден артық адам бар. Сол коллективпен ақылдасу керек қой. Біз де адамбыз".

Бақытжан Кәметаева, медбике:

"Минздрав, облздрав неге ол кісілер алып қалмайды кетіп жатқан кісілерді. Егер де ол Сәуле Рысбековнаның қолынан келіп тұрған нәрсе болса. Ол не ай қарап отыр? Олар да алып қалсын! Почему они без действия сидят? Только у них действия наказания что ли?".

Жалпы, бұл 325 орынды көпсалалы ауруханада 100-ден астам дәрігер мен 250-дей медбике қызмет етеді. Індет өршіген тұста басшымыз барлық жұмысты жүйелей алды. Соның арқасында емдеу мекемесі ешқандай карантинге жабылған жоқ. Күн-түн демей қызмет етіп жүр, - дейді ұжымдағылар.

Гүлнәр Мұратханқызы, аурухананың шаруашылық жөніндегі қызметкері:

"Еңбегі бар осы болницада ашылғалы. Көріңізші, күнімен-түнімен демалыс деген жоқ, не отпускі деген жоқ осында. Ол кісіні білмеймін енді, қалай алып тастауға болады ол кісіні?! Түсінбеймін".

Ұжымдағылар бас дәрігерді орнында қалдыру үшін облыс әкімінен бастап, денсаулық сақтау министрі мен Президентке де ашық хат жолдаған екен. Осы орайда, дәрігерлермен кездесуге келген облыс әкімінің орынбасарына да өз өтініштерін жеткізді. Ал, Батыржан Байжұманов кадрлық мәселе әлі шешілмегенін айтып қана ақталды.

Батыржан Байжұманов, Алматы облысы әкімінің орынбасары:

Я, рад что вы коллектив поддерживаете. Хорошо. Никакой кадровый вопрос еще не решен. Все пока работет". (Ну наши учтите мнение).

Хорошо. (Мы своего руководителя в обиду не дадим) Все мы учли.

Осылайша, ұжым алдында нақты жауап бере алмаған Батыржан Байжұманов дәрігерлердің талап-арызы ескерілетінін ғана алға тартты. Облыс әкімімен ақылдаспақшы. Бұл істің нақты нүктесін енді облыс әкімі Амандық Баталов қоймақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: