Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің 18-миллионыншы тұрғынына 3 бөлмелі пәтер берілді

Zhetysu.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2017 23:45 Zhetysu.gov.kz
Тұрғындарды облыс әкімі Амандық Баталов қуанышымен құттықтады.
Талдықорғанда еліміздің 18-миллионыншы тұрғыны Муслима Саматқызының отбасы мереке алдында қоныс тойын тойлады. Коммуналды үйдегі үш бөлмелі пәтердің кілтін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов тапсырды, - деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18-миллионыншы тұрғынмен бірге 100-ден аса талдықорғандық қоныс тойын тойлады. 55 пәтер коммуналды үйден және 64 пәтер қаланың оңтүстік-батысында "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйден берілді.
Тұрғындарды облыс әкімі Амандық Баталов қуанышымен құттықтады.

- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықты қолжетімді баспанамен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгін, Тұңғыш президент күні қарсаңында жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты жағдайда тапсырып жатқаныма қуаныштымын. Сіздерді осы қуанышты сәттеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Отбаслыарыңызға береке-бірлік, татулық пен амандық тілеймін, — деді А.Баталов.

Жаңадан қоныстанушылардың арасында еліміздің 18-миллионыншы тұрғыны Муслима Саматқызының ата-анасы Самат Бестібаев пен Диана Омарханова да болды.

Естеріңізге салар болсақ, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2017 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы тұрғындарының саны 18 миллионды еңсерді. Бұл межеге ағымдағы жылдың 11-мамыры күні жеткен болатынбыз. 2017 жылдың шілде айында статистикалық деректер жарияланып, еліміздің 18 миллионыншы азаматшасы талдықорғандық Муслима Саматқызы екендігін ести салысымен облыс әкімі Амандық Баталов бақытты жанұяның тұрып жатқан жалдамалы пәтеріне барып, жеке басында баспаналары жоқ жас отбасыға 3 бөлмелі пәтер сыйлайтындығын айтып, қуаныштарын еселеген болатын. Міне бүгін әкімнің берген сол бір уәдесі орындалып, кішкентай Муслиманы жаңа пәтерге көшуімен барша туған-туыстарының құттықтауына мүмкіндік жасады.




zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: