Алматыда бір қабатты үй жарылып, күлі көкке ұшты

Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2020 18:33 Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Қиранды астынан бір әйел табылды.

29 шілде күні кешке Жетісу ауданындағы бір қабатты жеке үйде газ аттылып, жарылыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жарылыс салдарынан үйдің күл-талқаны шығып, қабырғалас көрші екі үйдің шатырларына да ішінара зақым келді.

- Іздестіру-құтқару және қирандыны жинау жұмыстары дереу ұйымдастырылды. Үйінді астынан бір әйел табылды. №7 бөлімнің өрт сөндірушілері 49 жастағы әйелді қиранды арасынан алып шығып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Дененің термиялық күйіктерімен ол 4-ші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға орнына: 1 ит бригадасы, 8 құтқарушы, құтқару қызметінің 2 техникасы, 17 өрт сөндіруші, 4 техника, сондай-ақ өзара әрекеттесу қызметтері тартылды.

- Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шегуші осы үйде жалғыз тұрған. Жарылыстың алдын-ала себебі - газ тетігінің ашық қалуы. Оқиға орнында газдың апаттық-құтқару қызметі жұмыс істеуде, - дейді ТЖД-дағылар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2020 18:33

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: