Арыстағы "Ағабек" мейрамханасына снаряд түсіп, күлі көкке ұшты
видеодан кадр
Абырой болғанда қызметкерлері дер кезінде қашып үлгеріпті.
Арыстағы вокзал жанында орналасқан "Ағабек" мейрамханасына снаряд түсіп, күлін көкке ұшырды. Бұл мейрамхана қоймадан 20 шақырымдай қашықтықта орналасқан, деп жазады журналист Тоқтар Жақаш.
Абырой болғанда қызметкерлері дер кезінде қашып үлгеріпті. Қайбір жылы құдамыз қайтыс болғанда осы мейрамханада берілген асқа қатысқам. Ұзынқұлақтан жеткен ақпарат бойынша, сарбаздар арасында "шығын біршама" дейді. Рас- өтірігі белгісіз. Босып кеткен жұртты тікұшақ, автобус, көліктермен жинап, түрлі себеппен ата-анасынан ажыраған балалардың онлайн тізімі мен жағдайынан сәт сайын хабар беретін арнайы сайт шұғыл түрде ашылсын, деп жазады ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript