Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпiров өмірден озды

Атақты ардагер спортшының неден қайтыс болғаны туралы айтылмаған.

Сурет : baigenews2 Тамыз 2020, 16:05

Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпiров қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаралы хабар Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының Инстаграмдағы парақшасында жарияланды.

"Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ерi, "Барыс", "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері Жақсылық Әмiрәлiұлы Үшкемпiров ағамыз бақилық болды. Батыр ағамыздың Мәскеу Олимпиадасындағы ерлігiне биыл 40 жыл болып еді... Марқұмның барлық туған-туыстарына, отбасына, жора-жолдастарына, барша Қазақстан күресiнiң жанкүйерлеріне қайғырып көңіл айтамыз!" делінген хабарламада.

Атақты ардагер спортшының неден қайтыс болғаны туралы айтылмаған.

Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Чапаев атындағы совхозда (қазіргі Тегістік ауылы) дүниеге келген.

1980 жылы Мәскеудегі жазғы Олимпиадада ол 48 келіге дейінгі салмақта бақ сынап, грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы атанды. 2017 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үшкемпіровке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді.

Оның марапаттарының қатарында әлем чемпионатындағы "алтын" (1981), Еуропа чемпионатындағы "күміс" (1980) жүлделермен бірге, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағы бар.

Көптеген мемлекеттік ордендер мен марапаттардың иегері.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер