Айдос Сарымның әкесі Әміролла Сарым өмірден озды

2gis.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2021 16:51 2gis.kz
Әміролла Сарым қазақ телевизиясы мен радиосының дамуына зор үлес қосқан ардагер журналист болатын.

Айдос Сарымның әкесі Әміролла Сарым дүние салды, деп хабарлайды zakon.kz.

Әміролла ағамыз өмірден өтті деген қаралы хабарды Ерлан Қарин жеткізді.

Әміролла Сарым қазақ телевизиясы мен радиосының дамуына зор үлес қосқан ардагер журналист болатын, дейді ол.

Осыдан бірнеше жыл бұрын "Қазақстан" корпорациясында қызмет еткенде ағамызбен жиі жүздесіп, пікір алмасқан едік. Ол сырқатына қарамай, қазақ телевизиясының 60 жылдығын ұйымдастыруға белсене атсалысты. Парасатты, салмақты, ерекше мейірімді кісі еді. Иманы саламат болсын, деп жазды Ерлан Карин желіде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: