Жаңалықтар тізбегі
0

Танымал ғалым Нұржамал Оралбаева өмірден озды

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2020 21:38 Ашық дерекөздерден алынды
Нұржамал Оралбаева есімі қазақ тіл білімінде ғылыми-теориялық тұрғыдан тың мәселелерді көтерген, қазақ грамматикасының 50-90 жылдардағы дамуына іргелі еңбектерімен үлес қосқан ғалым ретінде белгілі.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал Оралбаева 92 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаралы хабарды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қазақ тіл білімі кафедрасы ұжымы Facebook парақшасында жариялады.

"Филология ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал Оралбаева есімі қазақ тіл білімінде ғылыми-теориялық тұрғыдан тың мәселелерді көтерген, қазақ грамматикасының 50-90 жылдардағы дамуына іргелі еңбектерімен үлес қосқан ғалым ретінде белгілі. Ғалымның қаламынан туған қайталанбас ғылыми мұралардың бүгінгі қазақ ғылымында орны ерекше", - деп жазды кафедра ұжымы.

Айта кетсек, бар ғұмырын қазақ тілінің грамматика, сөзжасам, қазақ тілін оқыту әдістемесі салаларын зерттеуге арнаған, орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесін жазған автордың жалпы тіл ғылымына арналған 100-ден аса ғылыми мақаласы бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: