Мемлекет басшысы Өмірзақ Айтбаевтың отбасына көңіл айтты
Ақорда
Ол қазақ терминологиясының дамуына, тіл білімі мамандарының жаңа буынын қалыптастыруға зор еңбек сіңірген ұлағатты ұстаз және ірі ғалым еді - Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы "Қазақ тілі" халықаралық қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаевтың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақ тілі" халықаралық қоғамының негізін салушылардың бірі, көрнекті ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Өмірзақ Айтбаевтың дүние салуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.
"Өмірзақ Айтбайұлы Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекеттік тілдің мәртебесінің артуына өлшеусіз үлес қосты. Ол қазақ терминологиясының дамуына, тіл білімі мамандарының жаңа буынын қалыптастыруға зор еңбек сіңірген ұлағатты ұстаз және ірі ғалым еді. Қазақ зиялыларының арасында өзіндік орны бар қадірлі Өмірзақ Айтбайұлының ғылыми мұрасы ел болашағы мен ұлт игілігіне қызмет ете береді деп сенемін", – делінген жеделхатта.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript