Н.Нығматулин Кенжеғали Сағадиевті біртуар тұлға деп, отбасына көңіл айтты
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мемлекет және қоғам қайраткері, академик, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің III және IV шақырылым депутаты Кенжеғали Әбенұлы Сағадиевтің отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаттарының атынан көңіл айтуды Twitter-дегі жеке парақшасына жазды.
Мәжіліс депутаттарының және өз атымнан академик Қ.Ә. Сағадиевтің отбасына көңіл айтамын. Халықтың құрметіне бөленген біртуар тұлға - Кенжеғали Әбенұлы Тәуелсіз Қазақстанның, оның ішінде парламентаризмнің дамуына ерекше үлес қосты. Жарқын бейнесі мәңгі есімізде сақталатын болады.
— Nurlan Nyǵmatýlın (@NigmatulinKZ) July 26, 2020
"Мәжіліс депутаттарының және өз атымнан академик К.Ә. Сағадиевтің отбасына көңіл айтамын. Халықтың құрметіне бөленген біртуар тұлға - Кенжеғали Әбенұлы Тәуелсіз Қазақстанның, оның ішінде парламентаризмнің дамуына ерекше үлес қосты. Оның жарқын бейнесі мәңгі есімізде сақталатын болады" - деп жазды Мәжіліс Төрағасы.
Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин Кенжеғали Сағадиевтің еліміздің ғылым саласына елеулі үлес қосып, өзінің еңбек жолында бүгінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге болар айқын із қалдырғанын атап өтті.