Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Семейде 1 млрд теңге жұмсалған саябақ әлі ашылмаған

Абай тойы былай тұрсын, қара күзге дейін бақтың ашылуы екіталай сияқты.

Сурет : видеодан кадр3 Тамыз 2020, 15:37

Бір миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалған орын әлі қолданысқа берілмеген. Жаз мезгілінің жартысы өтіп кетсе де, Семей тұрғындары орталық саябақ әйтеуір бір ашылатын шығар деп күтуде. Жұртшылық "осымен екінші жыл жабық тұрған нысанда диснейленд салып жатыр ма?" деп келеке ететін болыпты.

Абайдың мерейтойын атап өтуге 10 күндей қалды. 365 күнде бір ыңғайланбаған нысандар екі аптада шаруаны шыттай қыла ала ма? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Шәкәрім қажының бір миллиардқа жуық қаражаттың қалай жұмсалып жатқанына қарап отырғанына міне 2 жыл. Семей халқының бір баратын жері орталық саябақ еді. Бірақ, бұл жердің есігі тарс жабық тұр.

Әлима Рақымбайқызы, қала тұрғыны:

"Ой олар созып жіберді ғой. Бір жылда бітіретін нәрсені не үшін созып жатқанын білмеймін. Бір үлкен шаруа тындырып жатқандай. Түк істеп жатқан жоқ. Жұмысты бірде істейді, бірде істемейді.

Ырысалды Әбдікәрімова, қала тұрғыны:

"Жұмысы тезірек бітсе екен дейміз. Жаз аяқталады уже. Қысты күні ешкім бармайды онда. Жаз бітпей жатып аяқталса жақсы болар еді".

Ертістің сол жағалауындағы Мұхтар Әуезов алаңының жөнделіп бітпей жатқанына да біраз уақыт болған. Басқасын былай қойғанда жазушы ескерткішінің айналасы бір жөнге келтірілмеген.

Альбина Мұқышева, қала тұрғыны:

"Балаларды ертіп алаңға барғымыз келеді. Кішкене сергіп, ойнатып қайтатын. Бірақ, бұл жердің ашылатын түрі жоқ. Карантиннен кейін әйтеуір бір ашылатын шығар деген сенім бар".

Қалай болғанда да барша шаһар тұрғындары ағылатын орын ол орталық саябақ. Әкімдік өкілдері күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз деп сендірді. Демалыс орны ашылғанда, халық таңдай қағатынына сенімді.

Асан Дүйсенбаев, Семей қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі:

"Дәл уақытын айта алмаймын. Шамамен қыркүйек айында ашамыз деген жоспар бар. Карантин кезеңі біздің жоспарларымызға әсер етті. Орталық саябақты жөндеуде 991 миллион теңге бөлінді. Көгалдандыру, жаяу жүргіншілер жолы жасалып, орындықтар қойылады. Демалысқа және спортпен айналысу орындары болады. Балаларға арналған алаң, амфитеатр да жоспарда бар".

Қағаз күйінде сызбаларына қарасаң расымен көзтартардай. Заманауи дүниенің сұлбасы менмұндалайды. Бірақ, іс жүзіндегі қалпы мынау. Абай тойы былай тұрсын, қара күзге дейін бақтың ашылуы екіталай сияқты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер