Ақтөбеде жанар-жағармай құю бекетіне шабуыл жасаған қарақшы видеоға түсіп қалған
Әлеуметтік желілерде Ақтөбе қаласының маңындағы жанар-жағармай құю бекетіне жасалған қарақшылық шабуылдың видеосы пайда болды. Онда ер адам пышақпен кассирді қорқытып, ақша беруін талап етеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Ақтөбе полициясының хабарлауынша, 30 шілдеде таңғы 3-те Ақтөбе қаласының маңындағы жанар-жағармай құю бекетінде қарақшылық шабуыл жасалған. Күдікті кассаға жақындап, кассирді пышақпен қорқытып, ақша талап еткен. Дүкеннің кіре берісіндегі қарауыл күдіктіні ұстап қалуға тырысты. Алайда қаскөй күзетшіні итеріп жіберіп, қашып кеткен.
Полиция 24 сағат ішінде 22 жастағы күдіктіні анықтап, оны қамауға алды.
Ер адам өз кінәсін мойындады. "Қарақшылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.