Жаңалықтар тізбегі
0

"Абай күнімен" Алматы облысының парасатты полицейі құттықтады

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2020 05:11 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
"Парасатты полицей - 2019", полиция майоры Қуаныш Ахметбеков Алматы облысының тәртіп сақшылары атынан барша қазақстандықтарды құттықтап, хакім Абайдың қарасөзін жатқа оқыды,

Мемлекет Басшысының Жарлығымен 10 тамыз – Абай күні мерекесін атап өтуге байланысты Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкері, "Парасатты полицей - 2019" республикалық байқауының гран-при иегері, полиция майоры Қуаныш Ахметбеков Алматы облысының тәртіп сақшылары атынан барша қазақстандықтарды құттықтап, хакім Абайдың қарасөзін жатқа оқыды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Даналық пен парасаттың символына айналған Ұлы Абайдың қарасөзін оқыған ролик Қазақстан табиғатының жауһары саналатын Көлсай көлінің жағасында түсірілді. Бейнероликтегі Алатаудың асқақтығы, тау суының мөлдірлігі мен тұмса табиғаты Абай шығармашылығының сипаттарына сай келеді деп санаймыз", - деді Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Ораз Жолдасов.

Полиция басшылығының айтуынша, Абайдың даналығын ұғу үшін әр адам оның "жүрегінің түбіне терең бойлауы" қажет. Өз заманында Абай Құнанбайұлы сынға алған адам бойындағы мінез-құлық әлі күнге өзгермеген. Ұлт боламыз десек, Абай тәлімін терең меңгеруіміз тиіс.

"Абай образын сомдау үшін және Алматы облысының Полиция департаменті атынан барша қазақстандықтарды құттықтау үшін полиция майоры Қуаныш Ахметбеков бекер таңдалып алынған жоқ. Ол былтыр еліміздің ең үздік парасатты полицейі атанған топтың капитаны, ісіне адал, еңбекқор қызметкер және көпбалалы әке. Аға ұрпаққа құрмет, кішіге ізет көрсететін, Абай тілімен айтқанда: "Сүйер ұлың болса, сен сүй, сүйенерге жарар ол" демекші, елі арқа сүйер офицер", - деп атап өтті полиция полковнигі Ораз Жолдасов.

Облыстық полицейлерді мерекемен құттықтау бейнеролигі барлық әлеуметтік желілердегі парақшаларға орналастырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: