Батыс Қазақстан облысының әкімі тұрғындарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңір тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, әскери қызметкерлер, құқық қорғау саласының мамандары және ел тыныштығын күзетіп жүрген барша азаматтарға жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ата-бабаларымыз аманаттаған қасиетті жеріміздің тыныштығы мен Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы – әр азаматтың асыл парызы. Президентіміз, ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, "Армия – мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі, Тәуелсіздігіміздің кепілі. Отан қорғау – қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет". Бұл – ел қорғау ісінің маңыздылығын айшықтайтын терең ойлы сөз", – деді өңір басшысы.
Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Облыс әкімі өз құттықтауында Мемлекет басшысының Отан қорғаушыларға және әскери қызметкерлерге көрсетіп отырған айрықша құрметіне де назар аударды.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
"Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде Мемлекет басшысы халықаралық бітімгерлік миссияларға қатысқан әскери қызметшілермен кездесіп, олардың еңбегіне жоғары баға берді. Қазақстандық бітімгерлер Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында 2014 жылдан бері 700-ге жуық сарбазбен түрлі халықаралық операцияларға қатысып, ел абыройын асқақтатып келеді. Кеше ғана Ақорда төрінде Отан қорғаушылар күніне орай өткізілген салтанатты жиында мемлекеттік наградалар тапсырылды. Бұл – мемлекет тарапынан көрсетілген зор құрмет, жоғары бағалау", – деді Нариман Төреғалиев.
Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Орал қаласындағы "Атамекен" өнер ордасында өткен салтанатты жиында сондай-ақ, облыс басшысы қызметте ерекше көзге түскен, жетістіктерімен танылған азаматтарға құрмет көрсетіп, алғыс хаттармен марапаттады.
Шара патриоттық рухты көтерген әсерлі концертпен қорытыланды.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript