Батыс Қазақстан облысының әкімі өңір халқын Көрісу күнімен құттықтады

БҚО әкімі өңір халқын Көрісу күнімен құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2026 11:11 Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңір халқын Көрісу күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бұл – ағайынның бір-бірімен арқа-жарқа қауышатын, аман-саулық сұрасатын, елдің елдігі мен бірлігін танытатын тағылымды мейрам.

"Баршаңызды әз-Наурыздың басы саналатын берекелі мейрам – Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осы күні адамдар өзара кешірісіп, ниеттің ақтығын, пейілдігін кеңдігін көрсетеді. Бабадан жеткен бағзы дәстүр – үлкенге құрмет пен кішіге ізеттің, бауырмалдық пен мейірімділіктің нышаны". Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев

Нариман Төреғалиев сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен үш жыл бұрын Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы – "Наурызнама" онкүндігі енгізілгенін еске салды.

"Оның аясында ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, бүгініміз бен болашағымыз үшін маңызды қағидаттарға назар аударылды. Президенттің тікелей қолдауымен Көрісу күні жалпыұлттық сипат алып келеді.

Ардақты ағайын!

Осы бірегей дәстүріміз ырысты ынтымағымыз бен берекелі бірлігімізді нығайта берсін! Әр шаңырақ шаттық пен мол игілікке кенелсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Айдан аман, жылдан есен болып, Амалдан Амалға жете берейік!", – деді Нариман Төреғалиев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: