Жеңіс күні: Батыс Қазақстан облысының әкімі майдангерлерге президенттің құттықтауын жеткізді

Құттықтау, БҚО, облыс әкімі, Нариман Төреғалиев, Жеңіс күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2026 17:53 Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Жеңіс күніне орай Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, соғыс және еңбек ардагері Вениамин Скаленко Бөрлі ауданында дүниеге келген. 17 жасында әскер қатарына алынып, майданға аттанды. 98-гвардиялық әуе-десанттық Свирь дивизиясы құрамында болды. Будапешт, Вена және Братислава қалаларын азат етуге қатысқан. Зайыбы Ксения Федосеевна – тыл ардагері.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Соғыс және еңбек ардагері, Халық қаһарманы Иван Гапич 1923 жылы Ақмола облысында дүниеге келіп, Алматыда білім алған. Ол майдан даласында Польшаны, Чехословакияны, Украинаны азат етуге қатысты. Мәскеуде өткен әйгілі Жеңіс шеруінде болды. Соғыстан кейінгі жылдары прокуратура органдарында еселі еңбек етті. Сала ардагеріне ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың құттықтау хаты табысталды.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі майдангерлерді мерекемен құттықтап, амандығын тіледі. Нариман Төреғалиев ерлікпен, еңбекпен өрілген өмір жолы қайсар рух пен отансүйгіштіктің озық үлгісі екенін айтты.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Отан үшін от кешкендердің құрметіне оркестр Жеңіс әндерін шырқады. Соғыс және еңбек ардагерлері құттықтай келгендерге ақ батасын беріп, елдің амандығын, жердің тұтастығын тіледі.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: