Жаңалықтар тізбегі
0

Сотталған әйелдер концерт қойды

ШҚО ҚАЖД, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2020 05:23 ШҚО ҚАЖД
Сотталған әйелдер Скайп арқылы қатаң тәртіптегі ерлер колониясына Абайдың 175 жылдығана онлайн концерт қойды.

Елімізде 10 тамыз күні Абай Құнанбайұлы күні болып жарияланды. Пандемия індетіне қарамастан, ҚАЖД ОВ-156/21 түзету мекемесінің әкімшілігінің және сотталғандардың тарапынан ҚАЖД ОВ-156/6 мекемесінде жазасын өтеушілерге skype сайты арқылы онлайн концерттік бағдарлама ұсынылып көрсетілді.

"Елбасымыздың заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абай атамызға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай атамыз өзінің туған халқымен мәңгі бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін, қазағын биіктерге асқар асуларға шақыра береді деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланатынын айқын аңғартады" - деп концерттік бағдарламаны сотталған Айнұр ашты.

Бұл концертте жазасын өтеуші нәзік жандылар ұлы ақынның өлеңдерін оқып, әндерін нақышына келтіріп шырқады. Ұлы атамыздың тәрбиелік мағынасы зор қара сөздері оқылды. Ұлы Абай атамыздың күніне арналған шағын концертін ҚАЖД ОВ-156/6 мекемесінің жазасын өтеуші 20 сотталған ер азаматтары тамашалады.

ҚАЖД ОВ-156/6 түзеу мекемесінің жазасын өтеуші Султанов Р.О "Бұл Абай атамызға деген құрмет әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі" деп алған әсерімен бөлісіп, әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан сотталғандарға алғысын білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2020 05:23

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2020 05:23

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: