ШҚО да сотталған азамат түрмеде Абай портретін салып жатыр
ШҚО ҚАЖ Департаменті
12 жылға сотталған азамат қазіргі уақытта жазасын қатаң тәртіптегі мекемеде өтеп жатыр.
Қазіргі басымызға төнген пандемия кезеңі темір тордың арғы жағында отырған сотталғандарға да өз әсерін тигізді. Туған туыстарымен кездесу тоқтатылып, мекемедегі барлық іс - шаралар да тоқтатылды.
Сотталғандардың әр қайсысы қолдарына келетін іспен айланысып өздерін ерекше көрсетіп жатқандарын атап кетейік.
12 жылға сотталған азаматтың Ұлы Абай партретін ерекше ынтамен салды. Бойындағы осындай бір керемет өнерін көрген мекеме әкімшілігі, бұл туындыға таңдана қарап, алдағы уақытта осы туындыны балабақша немесе мектеп-интернатқа тарту етпекші.
"Қолымнан осындай өнер келетініне қуанамын, темір қапаста отырғаныма 4 жыл болды. Енді 8 жылым қалса да болашақтан үмітімді үзген емеспін. Анама, жанұяма, балаларыма деген сағынышым жаныма жылу береді. Жасаған қылмысым үшін жазамды толығымен өтеп, жаңа өмірімде өкініш болмаса екен деймін. Осы бір туындымды мекеме әкімшілігі арқылы балабақшаға немесе мектеп-интернатқа сыйлық ретінде ұсынсам ба деп отырмын. Ертеңдері жұмысымды толығымен аяқтаймын", - дейді ағынан жарыла Мақсат.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript