Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да сотталған азамат Ұлы Абайдың портретін салды

Сотталған азамат, Ұлы Абайдың портреті, челлендж, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2023 21:37 Сурет: polisia.kz
Шығыс Қазақстан облысындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азамат қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған күні қарсаңында, Ұлы ойшылдың портретін салып, баршаға белгілі өлеңін оқып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ ҚАЖК №16 мекемесінде аса ауыр қылмысы үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылған азамат жазасын өтеп жатыр. Шығармашылықпен бала кезінен бастап айналысқан ол сурет салғанды ​​жақсы көреді.

"Енді менің есімнен Абай Құнанбаевтың атақты өлеңіндегі сөздер кетер емес, өмірден белгілі бір тәжірибе алып, оны өз ой-өрісімнен өткізе отырып, бұл сөздердің қаншалықты даналықпен айтылғанын енді ғана түсінгендеймін. Әсіресе, жастарға мына сөздерге құлақ асуына кеңес берер едім:

"Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап…"


Ол Ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың туған күні қарсаңында ғұламаның портретін салуды жөн көрген.

Портретті салуға 1,5 сағат уақыт пен қарапайым қарындаш қана керек болған. 

Мекеме психологы Чинара Ибраева сурет салу, бейнелеу өнері сотталғандардың жеке тұлғасын, шығармашылық әлеуетін дамытудың тиімді әдістерінің бірі екенін атап өтті.

Сонымен қатар ҚР ІІМ ҚАЖК №18 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан тағы бір сотталушыда, ақын-ағартушы Абай Құнанбаев шығармашылығының жанкүйері екенін айтты.

Қазақ жазушысының шығармашылығының табынушысы оның 45 қара сөзін жатқа біледі екен.


"Қара сөздер – қазақтың ұлы ақыны, ағартушысының шығармашылығының 45 шағын, нақыл және философиялық трактаттардан тұратын ірге тасы.  Олар ұлттық тәрбие мен дүниетаным, имандылық пен құқық, қазақтың тарихы іспеттес мәселелерді көтереді", – дейді сотталған Мұрат (есімі өзгертілген).

Жазасын өтеуші ақынның бүгінгі күні де өзекті жойылмаған қара сөздің бірін оқып шықты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: