"Nur Otan" Қызылорда облысындағы ауылды ауыз сумен қамтамасыз етуді бақылауға алды

Nur Otan Nur Otan
Бұл мәселе партияның облыстық филиалының ерекше бақылауына алынды.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылы тұрғындарының өркениетті қоғамның қарапайым игілігі таза ауыз су тапшылығының зардабын тартқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Амалы таусылған халық әлеуметтік желі арқылы "Nur Otan" партиясына арызданды, деп хабаралайды zakon.kz.

Жұртты толғандырған мәселе меморгандар өкілдерімен бірге өткен партияның облыстық бақылау комиссиясының отырысында қаралды.

Осыған орай, салынып жатқан "Арал" бірлескен кәсіпорны дирекциясының директоры Алтынбек Есенов Жаңақорған ауданындағы су құбыры құрылысының аяқталғанын атап өтті. Алайда, негізгі бастоған ағымдағы жылдың желтоқсанында ғана іске қосылатындықтан дәл қазіргі уақытта су беру мүмкіндігі жоқ.
Партиялық бақылау комиссиясы су құбыры қосылғанға, яғни, ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін тұрғындарды су таситын көліктермен болса да уақытша таза ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты аудандық әкімшілікке тапсырма берді.

Бұл мәселе партияның облыстық филиалының ерекше бақылауына алынды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-08/thumbs/1597135101_2.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз