Байбек Nur Otan партиясын "тазалаймын" деді

vlast.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2019 16:03 vlast.kz
Партияның Түркістан облыстық филиалының бірінші орынбасарына шағым түсуде.

"Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партиялық тәртіпті түбегейлі күшейту керек, деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Партияның Түркістан облыстық филиалының бірінші орынбасары Н.Жолдасовты партия қатарынан шығаруды ұсынды.

Халықтың партияға деген сенімін арттыру үшін партиялық тәртіпті түбегейлі күшейтіп, ішкі "тазалау" жұмыстарын жүргізу қажет. Соған байланысты филиал төрағасының келісімімен бұл мәселені Саяси кеңестің аймақтық Бюросында қарап, Н.Жолдасовты партия қатарынан шығаруға дейін шара қолдану керек деп есептеймін, деп жазды ол twitter-де.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: