Назарбаев "Nur Otan" партиясынан сайлауға кім түсетінін айтады
Нұр-Сұлтанда сағат 11-де Тәуелсіздік сарайында "Nur Otan" партиясының XIX кезектен тыс сьезі басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күн тәртібінде – ҚР президенттігіне кандидат шығару, кандидаттың есімін Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі атамақ.
"Nur Otan" партиясы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті салып берген бағыттың сақталуының кепілі. Президенттік сайлауға түсетін өз кандидатын таңдау арқылы партия экономика, әлеумет, саяси, руханият және басқа да салаларда Елбасы бастаған ауқымды трансформацияларды сақтап қана қоймай, оны үдете түспек. Партияның алдағы кезеңдегі жұмысының басым бағыты осы.
9 маусымда Қазақстанның кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы 9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған болатын.
Қазірге дейін ОСК-на жалғыз кандидат – Сәдібек Түгел құжат тапсырған. Оны "Ұлы Дала Қырандары" республикалық қозғалысы" қоғамдық бірлестігі ұсынған болатын.