Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да 334 мектеп штаттық режимде жұмысын бастайды

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2020 23:50 Ашық дерекөздерден алынды
Аталған мектептерде білім алатын оқушылар екі ауысымда оқиды.

Тікелей эфир барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов 2020-2021 оқу жылында қай мектептердің әдеттегідей оқу жүйесіне кірісетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

"Биылғы оқу жылында барлық мектептегі оқушылар қашықтықтан білім алады. Оқу барысында өткен жылғы төртінші тоқсандағы тәжірибе ескерілетін болады. Алайда шағын жинақталған және орын саны жеткіліксіз мектептерде аталмыш жүйе қолданылмайды. Осылайша, жалпы орта білім беретін 334 мектеп оқушыларға есігін айқара ашып, штаттық режимде жұмыс істейтін болады", - деді облыс басшысы.

Аймақ басшысы, аталған мектептерде білім алатын оқушылар екі ауысымда оқитынын айтты. Әрбір сабақтан соң жарты сағат бойы желдету және дезинфекциялау жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ бетперде (маска) кию режимі мен медициналық бақылау күшейтіледі.

Айта кетейік, бүгінгі күні барлық мектеп дезинфекциялық құралдармен және санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етілді. Оның ішінде тепловизор, санитайзер, кіреберістегі қорғаныс кілемдері мен бактерицтік шамдар бар. Ал балаларға тегін бетперделер (маскалар) беріледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: