Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Павлодар облыстық сотының төрағасы жаңадан тағайындалды

Бұл лауазымды қызметке Бақытжан Қараманов келді.

Сурет : baigenews.kz11 Тамыз 2020, 17:57

Жоғарғы Соттың төрағасы Жақып Асанов жаңа төрағаны онлайн режимде Павлодар облыстық сотының ұжымымен таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл лауазымды қызметке Бақытжан Қараманов ие болды. Отырысқа облыстағы соттардың және Соттар әкімшісінің басшылары қатысты.

Өз сөзінде Асанов "Семь камней правосудия" бағдарламасын жүзеге асырудың алдын-ала нәтижелерін қысқаша атап өтті. Жаңашылдықтардың ішінде ол сот актілерінің жаңа форматтарын енгізу, сот лауазымына кандидаттарды іріктеуге қойылатын талаптардың жоғарылауы және электрондық сот төрелігін дамыту екенін баса айтты.

Жоғарғы Сот Төрағасы Бақытжан Қарамановтың сот жұмысындағы көпжылдық тәжірибесін, кәсібилігін, мінсіз беделі мен еңбекқорлығын атап өтіп, ол сот жүйесінің дамуына жаңа серпін беріп, Президенттің сенімін ақтайтынына сенім білдірді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер