Жаңалықтар тізбегі
0

Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы жаңадан тағайындалды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2020 21:35 primeminister.kz
Бұл лауазымды қызметке Руслан Әбдіқалықов келді.

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Руслан Кенжебекұлы Әбдіқалықов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Руслан Әбдіқалықов 1975 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

1996 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын "математика және физика мұғалімі" мамандығы бойынша, 2014 жылы — Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін "ақпараттық жүйелер бакалавры" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2005 жылы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Ақпараттық жүйелерге сервистік жүйелік-техникалық қызмет көрсету департаментінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2005-2011 жылдары — ҚР Орталық сайлау комиссиясының "Инженерлік-техникалық орталығы" РМК директоры орынбасарының міндетін атқарушы, бөлім басшысы.

2011-2014 жылдары Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығының зертханалық сынақтар департаментінің директоры болды.

2014 жылы ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры қызметін атқарды.

2014-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің байланыс және ақпарат саласындағы бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2016 жылы — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

2016-2019 жылдары — ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

2019 жылы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: