Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

"Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға жаңа басшы тағайындалды

Бұған дейін басшы болған Кортюм мырза денсаулығы мен жеке жағдайларына байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директоры қызметінен кетуге шешім қабылдады.

Сурет : Facebook13 Тамыз 2020, 12:26

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің шешімі және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының келісімі бойынша "Жолаушылар тасымалы" АҚ жаңа Бас директоры болып DB Engineering&Consulting Азия-Тынық мұхиты аймағының дирекциясын басқарған неміс маманы Питер Штурм (Peter Sturm) тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Жолаушылар тасымалы" компаниясы бапасөз қызметінің хабарлауынша, теміржол көлігі және халықаралық тасымалдау саласында еңбек өтілі бар П. Штурм, 25 жыл бойы халықаралық компанияларда түрлі басқару қызметтерін атқарған.

Бұған дейін ол инновациялар мен өзгерістерді енгізудегі жауапты бөлімшелерді басқарды, жылжымалы құрамды сатып алу және қызмет көрсету, ақпараттық технологияларды енгізу, темір жолдарды пайдалану және т. б. салаларда қызмет атқарды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін басшы болған Кортюм мырза денсаулығы мен жеке жағдайларына байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директоры қызметінен кетуге шешім қабылдады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер