Теміртау қаласы полиция басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Теміртауда полиция бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың келісімі бойынша Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллиннің бұйрығымен полиция полковнигі Мақсат Әшімов Теміртау полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлады жергілікті полиция қызметі.
Биыл 18 мамырда жаңа бастықты ұжымына облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ерлан Файзуллин таныстырды.
Осыған дейінгі Теміртау полиция бөлімінің бастығының басы дауға ілігіп, ақыры қызметінен босатылды. Оған себеп - "АрселорМиттал Теміртау" АҚ дүкендерінен ірі тауарлардың бірнеше ай бойына тоналуы. Келтірілген шығын шамамен 16 миллион теңгені құрады.
Қылмыстық топ құрамына AMT қызметкерлері, ірі металл сақтау қоймаларының иелері және басқа да тұлғалар кіргені белгілі болды. Ұрланған тауарлардың тұрақты желісі жұмыс істеген. Тергеу барысында Теміртау ПБ Шығыс полиция бөлімі бастығының орынбасарының бұл іске қатысы бары анықталды. Ол қамауға алынды. Ал қызметтік тергеу нәтижелері бойынша қалалық ПБ басшысы қызметінен босатылды, оның орынбасарына қызметтік талаптардың толық сақталмауы ескертілді. Қарағанды облысы полиция департаменті басшының екі орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды.