Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысының полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

ҚР ІІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2019 22:18 ҚР ІІМ
Жаңа басшы полиция генерал-майоры Баймұрзин Арманбек Хәкімбекұлы болды.

Көкшетау қаласында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақмола облысы полиция департаментінің жаңа бастығын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Президенті Әкімшілігінің және облыс әкімінің келісімі бойынша Ақмола облысының полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Баймұрзин Арманбек Хәкімбекұлы тағайындалды.

Полиция генерал-майоры Біләлов Берік Сұлтанғазыұлы лауазымынан босатылды, ол қызметін ІІМ-нің орталық аппаратында жалғастырады.

Полиция департаментінің жаңа бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев облыс әкімі Ермек Маржықбаевпен бірге таныстырды.

Арманбек Баймұрзин 1974 жылы туған, ішкі істер органдарында 1992 жылдан бастап қызмет атқаруда. Басшылық лауазымдардағы тәжірибесі мол. Әр жылдары ІІМ-нің Криминалдық полиция комитетінде және Жамбыл облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып қызмет етті. 2014 жылдан бастап ІІМ Криминалдық полиция департаментін басқарды.

Министр облыстық полицияның жеке құрамына ішкі істер органдарын жаңғыртудың барысы және қылмысқа қарсы күрес, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз ету жөнінде Президент белгілеген міндеттер туралы айтты.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полицияның алдына нақты міндеттер қойды. Ол міндеттер полиция қызметінің азаматтардың мүдделері мен қауіпсіздігіне тікелей қатысты. Бүгінде ішкі істер органдарының жұмысы барша қоғамның жіті назарында", - деді Министр Ерлан Тұрғымбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: