Жаңалықтар тізбегі
0

Қытайда тауық етінен Covid-19 анықталды

crispy.news, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2020 20:41 crispy.news
Тауық еті Бразилиядан импортталған. Қазір елдің кеден қызметкерлері басқа елден әкелінетін тауарларды тексеруде.

Тауық етіндегі вирусты денсаулық сақтау қызметкерлері тест өткізу барысында анықтаған, деп хабарлайды zakon.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Содан кейін мамандар өнімді ұстаған адамдарды да тексерістен өткізді. Бірақ олардың ешқайсысы ауруға шалдықпаған.

Ал сатылған ет дер уақытында табылып, зарарсыздандырылды.

Бұған дейін Қытайдың басқа қаласында Эквадордан әкелінген асшаяннан қауіпті инфекция табылған еді. Осыған байланысты қазір елдің кеден қызметі барлық азық-түлік өнімдерінен, әсіресе теңіз өнімдері мен етті арнайы тексерістен өткізіп жатыр.

Ескере кететін жайт, шілде айынан бері Қытайдың жеті қаласында өнім қабынан Covid-19 анықталған болатын. Кей сарапшылардың пікірінше, азық-түлік өнімдерін салқын жерде сақтау вирустың ұзақ тіршілік етуіне септігін тигізетін көрінеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: