Жаңалықтар тізбегі
0

Текеліде жоғалып кеткен екі бала табылды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2020 22:15 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
12 тамызда кешке олар көшеге ойнауға кеткен.

Алматы облысында жоғалған 5 жастағы екі баланы тәртіп сақшылары аман-есен ата-анасына тапсырды. Жоғалған екі бүлдіршін – Текелі қаласының кішкентай тұрғындары, бір-біріне көрші, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 тамызда кешке олар көшеге ойнауға кеткен. Көзінен таса болған соң, біраз уақыттан кейін олардың ата-аналары дабыл қаққан. Үйінің ауласында жүретін қызын таппаған ана баласын өз бетінше іздеуге тырысқан. Содан кейін қыздың жалғыз емес екендігі белгілі болған. Көрші үйдегі ұлдың да жоқ екені анықталған соң, оның да анасы іздеуге кіріскен. Қос бүлдіршін үйдің ауласында бірге ойнап жүргені және бір кезде ата-аналары олардан көз жазып қалғаны анықталды.

"Жеке құрам мүшелерінің көп жылғы тәжірибесіне қарамастан, екі баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама алғанда бүлдіршіндер үшін алаңдадық. Олар дереу іздеу жұмыстарына кірісіп кеттік. Біз жоғалған балалар бойынша толық бағдар жасадық. Жеке құрам толығымен дабыл бойынша көтеріліп, іздеуге жұмылдырылды. Сондай-ақ, іздеу шараларына кәсіби волонтерлер мен жергілікті тұрғындар арасынан еріктілер де тартылды. Бір жарым сағаттан кейін балалар үйлерінен екі шақырым жерден табылды", - деді Текелі қалалық Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ұлан Садықов.

Өз үйлеріне аман-есен оралған балалар ата-аналарымен қауышты.

"Осы бір жарым сағат ішінде басымызға неше түрлі ойлар кіріп-шықты, тіпті не туралы ойлайтынымызды білмедік. Бәрі сәтті аяқталғанына өте қуаныштымыз. Балалар аман-есен. Бұл полицейлердің еңбегі мен кәсіби шеберлігі деп есептейміз, оларға шексіз алғысымызды айтамыз. Нағыз өз ісінің шеберлері мен жауапкершілігі жоғары балалар полицияда қызмет етеді", - деп бөлісті жас қыздың анасы Екатерина.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2020 22:15

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2020 22:15

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: