Елімізде коронавирус вакцинасы көпшілік үшін ақылы болуы мүмкін

kazakh-tv.kz kazakh-tv.kz
Оны тек тәуекелі жоғары топқа жататын азаматтар ғана тегін алуы тиіс - министрлік өкілі.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина Қазақстан халқының басым бөлігі үшін ақылы болуы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz.

"Дәстүрлі тәуекелі жоғары топ бар. Қазақстанда 2 миллион 182 мың адам бұл топқа кіреді. Атап айтқанда, бұл созылмалы аурулары бар адамдар, соның ішінде 65 жастан асқандар және басқалары, сондықтан сау адамдардың бұл тізімге кіруге тырысудың өзі жөні бар ма", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ-да өткен брифингте.

Оның айтуынша, саналы азаматтың сүйенетін өзіндік әлеуметтік заңдылықтары болады, мысалы ауыртпалықты бөлісу деген тұрғыда, бірақ ол бұл мәселені министрлік басшылығының алдында көтеретінін айтты.

- Белгілі бір әлеуметтік заңдылық бар, дені сау адам өзін-өзі қамтамасыз етуі керек деген, соның ішінде вакцинамен де. Бұл - менің жеке ұстанымым. Менің ойымша, көптеген саналы азаматтар осы ұстанымда болуы керек. Мен, әрине, бұл мәселені Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына жеткіземін және оған таяуда толығырақ жауап беретін боламын, - деді Қожахметов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз