Қуаты күшті магниттік дауылдың салдары қандай болуы мүмкін

Қуаты күшті магниттік дауылдың салдары қандай болуы мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2026 13:36 Сурет: freepik
Қуаты күшті магниттік дауыл тек адамдарға ғана емес, техникалық құрылғылардың жұмысына да әсер етуі мүмкін. Ресейлік ғалымдар дауылдың салдарын болжап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Магниттік бұрмаланудың күшіне қатысты ақпаратты "Москва" қалалық жаңалық агенттігіне МИРЭА нанотехнология кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Алексей Юрасов айтып берді.

Ғалымның айтуынша, адамдар тек әлсіздік, жайсыздық сезінумен ғана шектелмей, басқа да жағымсыз әсерлерге тап болуы мүмкін. Мысалы, технологиялық жүйелердің жұмысы бұзылуы ықтимал. Күн желінің әсерінен радиобайланыс пен GPS сияқты навигациялық жүйелер істен шығуы мүмкін.


"Күннің рентген және ультракүлгін сәулелері планетамыздың жоғарғы атмосфера қабаттарын ионизациялап, радиотолқындардың таралу жағдайына әсер етуі мүмкін", – деп түсіндірді ғалым.

Дегенмен, бұзылулар ғаламдық ауқымға жетпейді – G4 деңгейіндегі магниттік дауылдың қуаты мұндай әсерге жеткіліксіз. Жалпы алғанда, адамзат тарихында бірде-бір геомагниттік бұрмалану планеталық деңгейдегі өзгерістерге әкелген емес.

Айта кетейік, 20 қаңтарда Жерге магниттік дауыл соқты. Оның қуаты экстремалды деңгей G5-ке жақын болды: тербеліс деңгейі G4.7-ге жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: