Алматы облысында кәсіпкерді шыр айналдырып, ақыры өлтіріп тынғандар табылмай жатыр

18 Тамыз 2020, 11:10
Сурет: Корреспондент.net

Алматы облысы Ащысай елді-мекенінде кәсіпкерді өлтіргендер әлі ұсталған жоқ, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Оған бірнеше мәрте қастандық жасалған. Көлігіне жарылғыш зат қойылып, жүргізушісі жарақаттанғанда да полициялар кінәлілерді таппаған еді. Ақыры кәсіпкер өліп тынды.

Облыстық полиция- жедел шаралар жүріп жатқанын хабарлады. Жергілікті тұрғынды өткен сенбі күні өз үйінде белгісіз біреу пышақтап кеткен. Қарнынан жарақат алған ер адам Шелек ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Алайда оның өмірін дәрігерлер сақтап қала алмады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодекстің 99-шы бабы 1-ші бөлігімен, яғни "Адам өлтіру" бабымен іс қозғалған. Полиция түрлі алып қашпа ақпараттардың да тарап жатқанын жоққа шығармайды. Құзырлы мамандар жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік барын ескертті.

Алматы облыстық ПД:

- Ащысай елді-мекенінің кәсіпкері Ахметовке алдында да қастандық жасалған. 2018 жылдың қаңтарында ол біздің арнамызға өзін белгісіз біреу қалай атқанын айтып берген, содан кейін көліктің астына жарылғыш зат та қойылды. Ол кезде кәсіпкердің жүргізушісі жарақат алды. Бұл фактіге байланысты "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?