Түркістан облысында қызы мен әйелін зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

kaluga24.tv kaluga24.tv
Әйелі арызын қайтарып алуға тырысқан.

Түркістан облысында өз қызы мен әйелін зорлады деп күдікке алынған ер адам 15 жылға сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық ПД-ның ақпараты бойынша, өткен жылдың қазан айында Сарыағаш полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған.

Ол 2019 жылдың қыркүйегінде күйеуі өз қызын зорлағанын айтқан. Содан кейін ол әйелін күштеп зорлаған.

Полиция бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121 бабы, яғни "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

- Жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, біз қылмыстық істі тергеуді өз бақылауымызға алдық. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті қылмысын мойындап, қамауға алынды. Алайда, келесі күні оның әйелі және сол уақытта кәмелетке толмаған қыздың заңды өкілі айнып, арызын қайтарып алды. Ол күйеуі үнемі ішкілікке салынатын болғандықтан, оны осылай сабасына түсіргісі келгенін айтты. Сондай-ақ, қыз да ананың пікіріне қосылды. Әрине, тергеу барысында біз өз өңіріміздің менталитетіне, туыстарының әсері болу ықтималдылығын ескердік, соған қарамастан біз сотқа дейінгі тергеуді жалғастырдық. Біз дәлелдерді бір-бірлеп жинап, күндіз-түні жұмыс істеп, сараптама тағайындап, кәсіби мамандарды тартумен болдық. Бұл отбасында зорлық-зомбылық болғанын дәлелдеуге тырыстық. Оған бірнеше айымыз кетті, - деді Түркістан облыстық ПД тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрмахан Жалғасов.

Түркістан облысы Әділет министрлігінің Сот-медициналық сараптама институтының мамандары әйел мен кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық-зомбылық фактісі болғанын растады.

- Сотқа дейінгі тергеу барысында полиция көмек сұраған республикадағы ең жақсы психологтардың бірі әйелдің депрессиялық күйде екендігі туралы қорытынды жасады. Қызға ересек адамдар ықпал еткен. Қазіргі жағдайдың өзі қыз баланың психикасына теріс әсер етуде. Осыған байланысты маман алғашқы куәлікке сүйене отырып, сот процесін жасөспірімнің қатысуынсыз өткізуді ұсынды. Бұл жағдайда балалардың әкесі әрі анасының күйеуі 15 жылға сотталды, - деп қорытындылады сөзін Жалғасов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз