БҚО-да вахталы қалашықтың бірнеше ғимараты аукционға қойылды

19 Тамыз 2020, 14:01
Сурет: deloros74.ru

Модульді панельді ғимараттар Қарашығанақ кен орны маңайында орналасқан. Бұл жылжымайтын мүлік иесінің банкрот болып танылуы себебінен сатылымға шығарылып отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлағандай, сауда-саттық e-auction.gosreestr.kz электрондық сауда алаңында өткізіліп жатыр.

№ 161345 "KSS building" ЖШС борышкердің (банкроттың) мүлкін сату аукционы БСН 020540000020, атап айтқанда жылжымайтын мүлік: БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Промышленная Зона көшесі, 131н. мекен-жайы бойынша орналасқан "Модульді панельді ғимараттар", бастапқы бағасы: 315 629 000 теңге, ең төменгі баға: 315 629 000 теңге. Кепілдік жарна: 47 344 350 теңге.

Өтінімдерді қабылдау 03.09.2020 жылы Нұр-сұлтан уақытымен 09:00-ге дейін, сауда-саттықтың басталуы 03.09.2020 ж. Нұр-сұлтан уақытымен сағат 11.00-де.

Толық ақпаратты gosreestr.kz сайтында (хабарландыру нөмірі №161345) алуға болады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?