Қазақстанда бірнеше кен орнындағы мұнай өндіру құқығы аукционға қойылды
Istock
Аукционға барлығы 10 кен орны қойылды: Сағыз, Қарабау, Забұрын, Бекайдар, Дереш, Балқұдық, Бестерек, Үштаған, Қошалақ және Сарайшық.
Қазақстанда он шақты мұнай учаскесіндегі жер қойнауын пайдалану құқығы аукционға қойылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Еліміздің Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аукцион онлайн режимде өтеді.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік тізілімі" сайтының электронды сауда алаңына көмірсутек қазба байлықтарына арналған 10 жер қойнауы учакесін пайдалану құқығы аукционға қойылды. Аукционға қатысу өтініштері 2020 жылдың 29 қарашасына дейін электронды түрде қабылданады. Аукционға қатысуға өтініш беру тәртібімен видео нұсқаулықтан танысуға болады", - делінген ақпаратта.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша электрондық аукцион 2020 жылдың 23 желтоқсанында өтеді.
Аукционға барлығы 10 кен орны қойылды: Сағыз, Қарабау, Забұрын, Бекайдар, Дереш, Балқұдық, Бестерек, Үштаған, Қошалақ және Сарайшық.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript