Жаңалықтар тізбегі
0

Карантинге қарамастан той жасаған Төреғалидың отбасы құзырлы органның көзіне түсіп қалды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2020 17:58 видеодан алынды
Бұл заңбұзушылық фактісі бойынша барлық материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін санитарлық қызметке жолданды.

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі осы көктемде тұрмысқа шыққан, бірақ карантинге байланысты тойлары кейінге қалдырылған еді. Алайда, бірнеше күн бұрын олардың үйлену тойының видеолары әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Фариза Төреәлі 2019 жылы спортшы Дархан Нортаевтың өзіне жар болуын сұраған ұсынысын қабыл алған. Осы жылдың мамыр айында мұсылман шартымен үйлену рәсімі өтті. Ал үлкен той карантинге байланысты кейінге қалдырылған еді.

Бірақ, олар еліміздегі карантин шараларын толықтай алынып тасталуын күтпестен, ақыры айтулы оқиғаны жақында дүркіретіп атап өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

????????❤️???????? @nortayevjj

Публикация от Fariza Toreali (@farizatoreali)

Инстаграммда танымал әнші Мақпал Жүнісова сол үйлену тойынан түсірілген видеоны жариялады. Ол тойдың үйде болғанын, сондықтан аяқ-киімді шешіп қойып, билегендерін жазған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Тағы бір видеоны орналастырған әнші ол арада Төреғали Төреәлінің қарындасының салтанатты кешінде болғанын, жас жұбайларға бақыт тілейтінін жазыпты.

Бұл видеолар тәртіп сақшыларының назарынан тыс қала алмады. Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті полиция қызметі бұл фактіге байланысты шұғыл іске кірісті.

- Алмалы жергілікті полиция қызметі тойды ұйымдастырушыларды анықтады. Бұл заңбұзушылық фактісі бойынша барлық материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін Тауар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: