Жаңалықтар тізбегі
0

Санкт-Петербургте жарылыс жасаған адам видеоға түсіп қалды

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2017 20:22 Stan.kz
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Санкт-Петербургте “Перекресток” дүкеніндегі бақылау камераларына жарылыс жасады деген күдікті түсіп қалды. Бұл туралы “Фонтанка” жазды, - деп хабарлайды Stan.kz.

Басылым мәліметінше, Калинин алаңындағы жарылыстан жарты сағат бұрын “Черная речка” метросы жақтан келе жатқан бағдарлы автобус тоқтады. Автобустан жасыл күрте киіп, бозғылт жолдорба асынған ер адам шығады. “Перекресток” дүкеніне кірген соң, жас жігіт сақтау камерсында сөмкесін қалдырып, сауда залына кіреді, бір жарым минуттай тауарларды қарағансып жүре тұрады.

Дүкеннен сөмкесіз шығып, Калинин алаңын кесіп өтіп, қалың тобыр арасында көзден ғайып болады.

Зардап шегушілердің айтуынша, жарылыс сағат 18:45 кезінде болыпты. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қаланың вице-губернаторы Анна Митянинаның айтуынша, алты зардап шегуші қаланың үш ауруханасында жатыр, жағдайлары орташа ауыр, үшеуінің беті бері қарады, ал біреуі ауруханадан шықты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: