Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда ер адам жеткіншектерге ақша ұсынып, ерсі әрекет көрсеткен

Жеткіншекке ерсі әрекет жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2023 14:30 Сурет: pixabay
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда қаршадай балаларға тиіспек болған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Анықталғандай, ұсталған ер адам 34 жаста. Тұрғындардың айтуынша, ол аулада ойнап жүрген жеткіншектерге ақша ұсынып, ерсі әрекет көрсеткен. Бейтаныс адамның ұятсыз қылығынан шошынғандар сол сәтте жан-жаққа қашқан. Сұмдық жайтты естіген ата-аналар бірден полицияға хабарлаған. Сол сәтте кәмелетке толмаған бала арам пиғылдының ізіне түсіп, тәртіп сақшылары жеткенде күдіктінің жасырынған жерін тауып берген.


"Полициямен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы күдікті ұсталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24 бабы 3 тармағы - 121 бабының 4 тармағына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: