Елімізде ең төменгі зейнетақы мөлшерін көбейткелі жатыр

21 Тамыз 2020, 17:12
Сурет: zakon.kz

Ең төменгі зейнетақы мөлшерін өсіру жайы Қаржы министрлігі "Ашық НҚА" порталына орналастырған "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасында қарастырылған, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:

- жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге;

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері –18 524 теңге;

- зейнетақының ең төмен мөлшерi – 42 272 теңге;

- жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917 теңге;

- базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 34 302 теңге болып белгiленсiн.

" Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 7 процентке көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін", делінген заң жобасында.

Сонымен қатар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері – мемлекет жарналарын есептеу объектісінен 1,6 процент деп белгiлену ұсынылады.

Одан бөлек, құжатта 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiлену жайы да айтылады.

Заң жобасы 2020 жылдың 4 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқыда болады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ең төменгі зейнетақы мөлшері - 40 441 теңге.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?